Атырау облысында батпақты жерде тағы да қамыс бықсып жатыр

2022 жылғы 6 қазан, 14:41
Атырау облысында батпақты жерде тағы да қамыс бықсып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында батпақты жерде тағы да қамыс бықсып жатыр. Өрт сөндірушілер көлігі өрт аумағына жете алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері жағымсыз иіске шағымдануда. Бұл туралы әлеуметтік желілерге де жазып жатыр.

Ал облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына қарағанда, бүгін, 6 қазанда қамыстың бықсып жатқаны анықталған.

«Жергілікті уақытпен сағат 11:10-да Атырау қаласына таяу орналасқан Кеңөзек ауыл округінің аумағынан шамамен 10 шақырым қашыктықта қамыстың бықсып жатқаны аныкталды. Желдің бағыты Каспий теңізіне қарай соғуда. Қамыс бықсуын сөндіруге өрт сөндіру көліктері бара алмай отыр. Себебі, қамыс батпақты жерде бықсып жатыр. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Қала тұрғындары шағымданған жағымсыз иістің қамыс бықсуына қатысы жоқ», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске салайық, Каспий жағалауында қамыс өрті бұған дейін де тұтанған еді. Жалын ошағынан екі өрт сөндіруші эвакуацияланды. Отпен күреске тікұшақ тартылды.

Каспий жағалауындағы өрт 10 күннен кейін толығымен өшірілді.



Фото:Хабар24



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar