Атырау облысында балықтар қырылып жатыр

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында балықтар қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балықтардың Жылыой ауданы арқылы өтетін Жаңғылдыкөл өзенінің аумағынан 20 гектар жерде қырылып жатқанын Тұрғызба ауылының тұрғындары хабарлаған.

«Болған оқиға туралы хабар жетісімен арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі облыстық аумақтық инспекциясы мен өзге де жауапты органдардың қызметкерлері кірді. Алдын ала қорытынды бойынша көктемде су көлемі өте аз болды. Таяз өзеннің суы күннің қызуына қатты жылып кеткен. Соның салдарынан балықтар қырылған болуы мүмкін. Алайда, нақты жауап комиссия мүшелері зертханалық зерттеулер жүргізіп болған соң белгілі болады»,-деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің өкілдері.

Айта кетейік, Атырау облысында шілде айының басынан бері ауа температурасы өте жоғары болды. Кейбір аудандарды термометр бағандары 45-46 градусқа дейін жетті.

Соңғы жаңалықтар