+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған ақпарат тараған

2021 жылғы 12 қыркүйек 15:22
Бөлісіңіз:
Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған ақпарат тараған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында балабақшаны улады деген жалған ақпарат тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджлерде «Құлсарыдағы «Әсем» балабақшасында балаларды қасақана улауда» деген ақпарат тарады. Жылыой аудандық білім бөлімі бұны жоққа шығарды.

«Әсем» балабақшасында 10 қыркүйек күні «ЖылыойДезсервис» мекемесі дезинфекция (жәндіктерді улау процедурасы), яғни маса улау жұмыстарын жүргізген. Маса улау шарасы кешкі сағат 17.00 шамасында, яғни, балаларды ата-аналар алып кететін уақытта жасалды. Балалар аулада тәрбиешілерімен бірге болды. Маса улау жұмысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген ата-ананың баласы 10 қыркүйекте балабақшаға келмеген. Анасы кешкі сағат 18.00 шамасында балабақшаға баласының киімдерін алып кетуге келген. Ескертуге қарамастан, «балаларды улап жатыр» деген бағытта жалған ақпарат таратып, видео түсірді. Балабақшаға қатысты жалған ақпарат таратқан ата-анаға шара қолдану үшін «Әсем» балабақшасы тарапынан құқық қорғау органдарына шағым түсіріледі» делінген Жылыой аудандық білім бөлімі таратқан ақпаратта.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында мектепке «бомба» қойған жігіт қамауға алынғанын хабарлаған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT