Атырау облысында «Б» корпусының 16 қызметкері аттестациядан өтпей қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында «Б» корпусының 16 қызметкері аттестациядан өтпей қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Б» корпусынан Атырау облысы бойынша аттестациядан барлығы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет ететін 2215 қызметші өтті. Екі адам өзінің лауазымына сәйкес емес деп танылып, оларды қызметінен босату туралы ұсыныс берілді. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет ететін 1093 адамның 14-і аттестациядан өтпей қалды. Олардың барлығы Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының қызметкерлері. Олар негізінен аталған ведомствоның жетекші және бас мамандары»,-деп хабарлады ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің жетекшісі Тоқтамыс Жұмағұлов өңірлік қоммуницкациялар қызметінде өткен брифинте.

Оның сөзінше, қызметкерлердің екеуі аттестациялық комиссия заң бұзды деп есептейтіндіктерін айтып, шағым түсірді.

«Аталған екі факті бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Егер біз тексеру барысына мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылғандығын анықтасақ, әрине, оған қатысты тиісті баға беріледі»,-деп қорытындылады сөзін Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар