Атырау облысында айыппұлы төленбеген 50-ге жуық көлік арнайы тұраққа қойылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында айыппұлын төлемеген 50-ге жуық жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Көліктің 29-ы Ресей Федерациясында, 13-і Армения Республикасында тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Облыс аумағында 8 - 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шара кезінде камера көмегімен анықталған жол ережесін бұзу фактісі бойынша салынған әкімшілік айыппұлды өндіру, тиісті органдармен бірлесіп борышкерлерді анықтау , айыппұлды төлеу қажеттігі туралы рәсімделген нұсқаманы құқықбұзушыларға тікелей тапсыру жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Екі күні ішінде полиция 50-ге жуық айыппұлын төлемеген жүргізушіні анықтап, көліктерін айыппұл тұрағына жеткізді. Осының ішінде 20-ға жуық автокөлікті «Автоураган» көшпелі кешені анықтады. Сондай-ақ, айыппұлы бар жүргізушілерге оның төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 130 нұсқама тікелей тапсырылды.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шара барысында Жергілікті полиция қызметкерлері көлік иелеріне айыппұлды уақытылы төлеу қажеттігін, айыппұлды төлеу мерзімі өтіп кеткенде не істеу керектігін және төлеу тәсілдері туралы түсіндірген.
- Өскеменде автобус жүргізушілері бір күнде 50 рет заң бұзған
- Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталды
-
Ақмолалық тәртіп сақшылары жолда қалған жүргізушіге көмектесті
-
Полицейді көлік капотында сүйреген ақмолалық 5 жылға сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам