Атырау облысында автокөліктер соқтығысып, екі адам қаза тапты, алтауы жараланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы тас жолда екі автокөлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам мерт болып, алты адам жараланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Мақат ауданы аумағында «LADA Priora» және«Lexus» маркалы көліктер соқтығысқан. Мақат аудандық ауруханасынан оқиға орнында екі адам қаза тапқанын хабарлады. Жарақат алғандардың ішінде Қытай азаматы да бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң 2 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Өзгелері Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар