Атырау облысында аудандық аурухананың қабырғалары жарыла бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Махамбет ауылында аудандық аурухана ғимараттарының бірінің қабырғалары жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«250 адамға арналған аурухана ғимараты 2011 жылы салынған. Ғимараттың қабырғаларының бірінде жарықтар алғаш рет 2017 жылы пайда болды. Биыл наурыз айында жарықтар ұлғайып, отбасылық денсаулық орталығы орналасқан ғимаратты жабуға тура келді. Қазір оны күрделі жөндеу мәселесі қаралуда», - дейді «Махамбет аудандық ауруханасы» МҚК директоры Ерлан Сүюғалиев.

Соңғы жаңалықтар