Атырау облысында арнаның мұзы ойылып, әйел адам суға батып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі күн ішінде үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Бақсай арнасынан 1971 жылғы Таңдай ауылы тұрғынының денесі табылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, әйел адам жұқа, еріген мұз үстінен арнаны кесіп өтпек болған. Алайда мұз жарылып, ол су астына кеткен.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні құтқарушылар Жайық өзенінен екі адамның денесін тапқан болатын.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, мұз астында адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына сүңгуірлер жетіп, судан әйел адамның денесін алып шықты.

Өзен жағасында бос көлік тұрған. Құтқарушыларда «жүргізуші де суға кетті ме» деген күдік пайда болады. Олар сол маңды қарау барысында өзеннен ер адамның мәйіті тапты.

Айта кетсек, Атырауда қазір күн жылы, бірнеше күннен бері жаңбыр жауып тұр. Жайық өзенінде мұз еріп кеткен.

Жыл басынан бері Атырау облысында алты адам, оның ішінде үш бала және үш ересек адам суға батып кеткен.

Авторы А. Соколов


Соңғы жаңалықтар