Атырау облысында аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұрғындарына 40 градустық ыстық болатыны ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 11 шілде күні аптап ыстық өңірге қайта оралады.

Жекелеген аудандарда көлеңкедегі ауа температурасы 40 градусқа жетеді.

Облыстық ТЖД ашық жерде жүретіндерге бас киім киіп, су ала жүруге кеңес береді.

Еске сала кетейік, маусым айының аяғында облыста ауа температурасы көлеңкеде 43, ашық жерде 50 градусқа дейін жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар