Атырау облысында алып сүйек табылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Индер ауданы Есбол ауылынан алып жануардың сүйегіне ұқсас зат табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сүйек тектес затты Есбол ауылының тұрғыны Досбол Байғалиев есімді азамат Жайық өзенінен тауып алыпты. Салмағы 26 кг болса керек. Ал көлікке сүйеп қойғандығына қарағанда ұзындығы 1 метр шамасында», деп хабарлады аудандық газет тілшілері.

Айта кетелік, әлеуметтік желідегі таралған «УАЗ» автокөлігіне сүйеулі тұрған бұл алып тоқпан жілік көпті елең еткізді.

Соңғы жаңалықтар