Атырау облысында алиментке қарыз азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында алиментке қарыз азаматты жүргізуші куәлігінен айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индер аудандық сотына аудан аймағы сот актілерін орындау бөлімінің сот орындаушысы ұсыныс түсірді. Оның сөзінше, ер азаматтың алиментке 1 млн 334 мың теңге көлемінде берешегі бар. Ол сот шешімі бар екендігіне қарамастан қарызын өтемей отыр. Берешек азаматтың жеке көлігі бар. Сот орындаушысы соттан алиментке қарыз азаматтың берешегін толық өтемейінше, жүргізуші куәлігінің күшін жоюды сұрады»,-деп хабарлады Индер аудандық сотының баспасөз қызметі.

Ұсынылған құжаттарды мұқият зерделеген сот сот орындаушысының ұсынысын қанағаттандырды. Борышкер азаматтың көлік жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігінің күші қарыз толық төленгенге жойылды.

Соңғы жаңалықтар