Атырау облысында алғыс айту күні аталып өтті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін атыраулықтар Алғыс айту күнін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты шарада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұл күннің барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығына тоқталып, еліміздегі сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің Алғыс айту күнінде дархан көңілмен қабылдаған қазақ жеріне ризашылықтарын білдіретінін атап өтті.
«Халқымыз қиын кезеңдерде қаншама адамдарды қабылдады, оларға Қазақстан туған үйлеріндей болып кетті. Мемлекет басшысының саясаты барлық этностардың тең құқылы болуына негізделген. Еліміздегі тұрақтылық, ұлтаралық келісім - мемлекетіміздің табысы. Бұл істе баршаңыздың үлесіңіз бар», -деді Нұрлан Ноғаев.
Облыс әкімі өңірдегі 20 этномәдени бірлестің жетекшілеріне ризашылық білдірді. Қазақстан халқы Ассамблеясының этностардың мәдениетін, бірлігін дамытуға қосып жүрген үлесі зор екеніне тоқталды.
«Бұл бізге алдымызда тұрған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының съезінде де айрықша атап өтті. Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті-азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, әл-ауқатын арттыру. Елбасының барлық тапсырмаларын орындау мемлекетіміздің экономикалық дамуына жол ашады. Бұған бізде мүмкіндік мол», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Бүгінде Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын іске асыруға мүмкіндік бар. Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан этностардың ортақ мақсаты - достық, өзара келісім, толеранттық.
Салтанатты шара соңында мерекелік концерт пен театрландырылған қойылым болды.
- Мәслихаттардың нормашығармашылық қызметке тартылған мамандарының біліктілігі төмен - Назарбаева
- Сенат төрағасы: Республика деңгейінде шешім қабылдағанда мәслихаттардың пікіріне назар аудару қажет
- Павлодар облысында құрылысы 10 жылға созылған су құбыры пайдалануға берілді
- Ақтөбелік өрт сөндіруші желіде тараған челлендж рекордын жаңартты
-
Түркістанда халыққа заңнамалық көмек көрсету жайы талқыланды
-
Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам