Атырау облысында алғашқы аквапарк салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында алғашқы аквапарк ашылды. Жоба жергілікті кәсіпкерлердің қаржысымен жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоба қатысушыларының барлығы - ауқатты адамдар. Әрдайым кішігірім Отанымыз үшін пайдалы іс тындырғымыз келген. Ойлана келіп, аквапарк ашуды ұйғардық. Бізге демалыс орнын облыс орталығында салу туралы ұсыныс айтылды, алайда аквапарк Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарына, біздің жерлестерімізге тиесілі болады. Осылайша, біз Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау көрсете отырып, туған жерімізге деген ыстық махаббатымызды білдірдік», - дейді кәсіпкер Әбдірахман Махатов.

Соңғы жаңартылған технологиялармен салынған аквапарктің құны 1,5 миллион долларды құрады. 

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар