Атырау облысында әлеуметтік желідегі ролик үшін шенеуніктің қызметін төмендетеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Малик Аманов түсірілген роликтің таралуы кесірінен оның қызметін төмендетеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілішісі.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіге полиция патрулінің мемлекеттік нөмірсіз жүрген тракторды тоқтатқаны жарияланған. Кейін анықталғандай, трактор аудандық әкімдікке тиесілі болып шықты. Тракторшы телефонмен аудан әкімінің орынбасарын шақырады. Ал, ол жергілікті полиция бастығынан көмек сұраған.

Полиция бастығы мән-жайды сұрамастан, хаттаманы жыртып тастап, оны толтырған қызметшілерге бейәдеп сөздер айтып, тіл тигізген.

Аудан әкімінің әрекеті жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың орталық аумақтық бөлімшелері  бірінші басшыларының қатысуымен өткен этика бойынша кеңес отырысында талқыланды.

ІІД Махамбет аудандық өз қауіпсіздігін бақылау басқармасы жергілікті полиция бастығына қатысты қызметтік тергеу жұмыстарын жалғастыруда.  

Соңғы жаңалықтар