Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қажетті қоры бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9 мың тонна қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметіне сүйенсек, әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағаларын тұрақтандыру мақсатында үшжақты мемарандум жасалып, 13 мың тонна бидай жеткізу жоспарланған.

«Айналым схемасы арқылы алынған азық-түлік өнімдері «Идеал», «Лидер» супермаркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері «Дина», «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» сауда орындарында сатылып жатыр. Қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9 мың тонна қоры бар. Тұрақтандыру қорында 579,6 тонна картоп, 325,8 тонна сәбіз, 339 тонна пияз, 200 тонна қырыққабат сақтаулы тұр.

Үшжақты меморандумға сәйкес, әлеуметтік нан бағасы - 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады», -дейді Амангелді Саламат.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сұйытылған газ қоры жеткілікті екенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар