Атырау облысында алдағы жылы жел электр стансасы іске қосылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алдағы жылы жел электр стансасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, жел электр стансасын 2022 жылы іске қосу жоспарланған.

«Нысан құрылысы «Атырау – Мақат» бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан. Қазір оның құрылысына 12 адам жұмысқа тартылған. Жоба құрылысы аяқталғаннан кейін 50 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр», -дейді Шәкір Кейкин.

Желден электр қуатын жинайтын станса құрылысы үшін 500 гектар жер учаскесі бөлінген. Стансаға әрқайсысы 2 МВт энергия өндіретін 24 қондырғыны орнату көзделген. Жел турбиналарының биіктігі –106, винт ұзындығы – 43 метр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Тұздыкөл жағасында шипажайдың құрылысы басталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар