Атырау облысында Ақтөбеге шығатын жол ашылды

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Ақтөбе - Атырау-Астрахан тас жолында Ақтөбе бағытына қозғалыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының А-27 учаскесіндегі негізгі жол уақытша қалпына келтірілді. Осыған байланысты Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін 337-330 шақырымда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды», - деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін тас жолды су шайып кетуіне байланысты Атырау облысынан Ақтөбеге шығатын жолдың жабылғаны хабарланған болатын.
Соңғы жаңалықтар