Атырау облысында әкім сайлауын 125 байқаушы бақылауда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауыл әкімі сайлауын 125 байқаушы бақылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметіне сүйенсек, 18 ауылдық округ әкімінің сайлауы 36 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

«Әр сайлау учаскесінде санитариялық талаптар қатаң сақталуда. Сайлау үдерісін байқаушылар қадағалап отыр. Қазір 18 сайлау округіндегі сайлау учаскелерінде 125 байқаушы тіркелді. Оның ішінде үміткерлердің сенім білдірген 34 адамы бар. Ал, саяси партиялар 27 байқаушы жіберді. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың 43 өкілі сайлаудың талапқа сай өтуіне үлес қосуда. Өңірдегі БАҚ-тың 21 өкілі байқаушы ретінде тіркелген» -дейді Азамат Айманакумов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 36 сайлау учаскесінде дауыс беріліп жатқанын, сайлаушылар белсенділігі байқалатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар