Атырау облысында адам азаптады деп күдіктелген полицейлер ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат-Атырау облысында адам азаптады деп күдікке ілінген полицейлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой аудандық бөлімінің 26 жастағы екі жедел уәкілінің ұсталуын Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүргізді. Олар ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған Құлсары қаласының тұрғынын күшпен мойындатқан. Жауап алу кезінде соққыға жығылған ер адам сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арызданған.

Атырау облыстық полиция департаменті екі полицейдің ұсталғанын растады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша, 146-баптың 2-бөлігі 1-тармағы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған азаптаулар) және 362-бап 4-бөлігі 1, 3-тармақтары (пайда алу мақсатында күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып билікті немесе лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар