Атырау облысында 9 бас қара мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 9 бас қара мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мал ұрлығы қылмысының алдын алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілген.

«Жақында жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан мал ұрлап жүрген қылмыстық топ ұсталды. Топ құрамында Махамбет және Құрманғазы аудандарының 38 бен 52 жастағы екі тұрғыны болған. Олар 2 сиыр, 2 түйе, 5 жылқыны ұрлаған. Қазір ұсталғандар уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу ісі жалғасып жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда түнгі тыныштықты бұзған 1500 адам жауапкершілікке тартылғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар