Атырау облысында 9,4 мың медицина қызметкері еңбек етеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жыл басынан бастап дәрігерлер 122 мың адамның өмірлерін сақтап қалған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 мың адамға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара кезінде 40 медицина қызметкері медаль, дипломмен марапатталды. Бүгінгі күнде жергілікті дəрігерлердің арқасында көлік апаттарынан, өрт пен басқада апаттардан мыңдаған адамдар құтқарылған.

2017 жылдың бесінші айында «103» қызметіне 100 мың қоңырауға қызмет көрсетілген болса, 2018 жылдың басынан бастап 122 мың адамның өмірін сақтап қалды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нəутиев медицина қызметкерлеріне өздерінің міндеттерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтері үшін, жауапкершілік пен денсаулық сақтауда қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

null

«Мүмкін, адам өмірінде маңыздылығы дәрігер мамандығынан гөрі үлкен рөл атқаратын әлемде кәсіп жоқ шығар. Бүгінгі таңда Қазақстан медицина саласының дамуы үшін және медицина қызметінің жоғарғы деңгейде болуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Өңіріміздегі көрсетілетін медицина қызметін арттыру үшін, дəрігерлеріміздің шет елдерде оқып келіп, жаңа құрылғылармен жұмыс жасауларына мүмкіндік бар. Сіздер тек қана физикалық түрде емдемей, жан-тəндеріңізбен емдейсіздер. Болашаққа күш пен сенім бересіздер»,- деді құттықтау сөзінде Əлібек Ибатоллаұлы.

Медицина саласының үздік өкілдерін марапаттағаннан кейін, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Атырау облысында 9 400 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 1300 дәрігер, қалғандары орта деңгейдегі қызметкерлер.

null

Соңғы жаңалықтар