Атырау облысында 800 ата-ана баласына Манту сынамасын салдырмай қойған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 800 ата-ана баласына Манту сынамасын салдыртпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы 800-ден астам ата-ана өз баласына Манту сынамасын салдыруға қарсы болған. Сондай-ақ 2019 жылы 466 жаңа туған нәрестеге туберкулезге қарсы вакцина салынбаған. Бұл – соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Вакцинация салынбау себебі – ата-аналардың діни және басқа да наным-сенім бойынша бас тартуы», - деп хабарлады облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Зүлфия Қайреденова.

«Атырау облысы бойынша 2019 жылы туберкулезбен алғаш рет ауырған 426 жағдай анықталды, ал 2018 жылы олардың саны 469 болған. Бұл - республикалық көрсеткіштен 32 пайыз жоғары. Медициналық қызметкерлер мен қалалық және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ата-аналармен өткен кездесуден кейін 52 балаға қосымша БЦЖ вакцинасы жасалды», - деді Зүлфия Қайреденова.


Соңғы жаңалықтар