Атырау облысында 8 мыңнан аса нысан Аshyq қосымшасына қосылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 8 735 нысан Аshyq қосымшасына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы​ Айсұлу Досқалиеваның айтуынша, Аshyq қосымшасын пайдалану коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге ықпал етіп отыр.

«Бұдан бұрын Аshyq қосымшасына қосылудың нәтижесінде 253 адамның «қызыл» мәртебесі анықталған еді. Ал, сары мәртебесі бар 1 378 адам оқшауланды. Қазір 8 735 кәсіпкерлік нысаны Аshyq қосымшасымен жұмыс істейді. Осының нәтижесінде коронавирус инфекциясының таралуы азайып, Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте өңірде қауіпті вирустың жұқтырудың 3 жағдайы тіркелді. Сovid-19 инфекциясынан 6 адам инфекциядан жазылып шықты. Тек 1 адам коронавирустан көз жұмды» -деп мәлім етті Айсұлу Досқалиева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 8 мыңға жуық адам ревакцинация жасағанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар