Атырау облысында 8 мыңға жуық адам ревакцинация жасады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 8 мыңға жуық адам ревакциналаудан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 1 ақпаннан 28 желтоқсанға дейін вакциналардың І компонентін 257 256 адам салдырған. Ал, вакциналардың ІІ компонентін алған адамдардың саны 238 796-ға жеткен.

«Атырау облысының дәрігерлері тұрғындар арасында Covid-19 инфекциясын тежеудің басты жолы вакцина салдырудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп келеді. Осындай іс-шараның нәтижесінде 20 қарашадан бері Рfizer екпесін 2 472 адам салдырды. Оның ішінде 131 жүкті әйел мен бала емізіп отырған 1 276 ана бар. Аталған вакцинаны12-18 жас аралығында 1 065 жасөспірім алды. Ал, қайта вакциналаудан 7 950 адам өтті», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында ревакциналаудан 6 мыңнан астам адам өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар