Атырау облысында 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

​Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәліметінше, биыл 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталады.

Оның ішінде, Атырау қаласының «Көктем» шағын ауданында​ 160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар.

«Биыл балабақша және 5 мектептің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам оқушы жаңа мектепке барады» деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Оның мәліметінше, былтыр мектепке дейін тәрбие беретін 9 нысан ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталған.

Соның нәтижесінде 1 360 бала балабақшамен қамтылып, 1 апатты, 1 үш ауысымды мектепке жаңа ғимарат салынған.

Облыс педагогтарының қатары 309 маманмен толыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 10 медициналық нысан пайдалануға берілгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар