Атырау облысында 73 жастағы кейуана өрттен көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жеке сектордағы үй өртеніп, 73 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында жеке меншік үй өртке оранды. Төтенше оқиға туралы хабарлама сағат 16:25-те келіп түсті. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше аумағы 120 шаршы метр болатын үйді түгелге жуық жалын шарпып үлгерген еді. 17:13-те өрт ауыздықталып, кешкі сағат 18:32-де толығымен сөндірілді. Өкінішке қарай, тілсіз жаудан 73 жастағы қария қаза тапты. Өртті сөндіруге жеке құрамның 2 техникасы мен 7 қызметкері жұмылдырылды», - деп мәлім етті Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қазіргі таңда кісі өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр.  

 

Соңғы жаңалықтар