Атырау облысында 71 адамнан коронавирус анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймаққа қайта оралған Атырау облысында бір тәулікте 71 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қауіпті індетке Атырау қаласынан 15 адам шалдыққан. Ал Теңіз кенішінде 46 жұмысшыдан, Жылыой ауданында – 3, Құрманғазы ауданында 7 адам коронавирус жұқтырған. Covid-19 инфекциясының симптомды түрі 8 науқастан табылған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 66 адам емделіп шықты. Қазір үй жағдайында емделіп жатқан 310 науқас бар. Облыстық инфекциялық стационарда 102, аудандардағы стационарларда 39, Теңіз кенішіндегі стационарда 718 адам ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар