Атырау облысында 700-ге жуық медицина қызметкеріне вакцина егілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 700-ге жуық медицина қызметкері вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-4 ақпанда 680 медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егілген. Ерікті түрде вакцина егу кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

«Вакцина алғаннан кейін ауруханаға түскен жағдай тіркелмеді. Алдымен коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары саналатын медицина мамандарына салынып жатыр.

Нақтылай айтқанда, жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімінің, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері мен емханалардағы мамандар алады. Вакцина қабылдаған адамдар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиев.

Қазір өңірде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу үшін 24 орын ашылған.

Сондай-ақ, вакцинаны сақтауға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцинацияның алғашқы күні 135 адам екпе алғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар