+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Атырау облысында 70 отбасылық шара жасырын өткен

2020 жылғы 25 қазан 07:44
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 70 отбасылық шара жасырын өткен

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында шектеу шаралары мен санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын 114 мониторингілік топ үш күнде 2273 нысанды тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеулерге қарамастан, Атырауда той,​ садақа өткізу тыйылмай тұр.

«22 қазанда Атырау қаласында жасырын той жасаған екі дерек анықталды. Индер ауданында осындай екі жағдай тіркеліп отыр. Жалпы, 20-22 қазан аралығында жүргізілген рейд кезінде 2273 нысан тексерілді.

Ал, 11 шілдеден бүгінге дейін облыста 70 отбасылық шара жасырын өткен. Атырау облысында санитарлық талаптардың сақталуын бақылайтын мониторингілік топ таратқан ақпаратқа сәйкес, той-садақа өткізуден алғашқы үштікті Атырау қаласы, Жылыой мен Қызылқоға ауданы бастап тұр» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Рейд кезінде шектеу шараларын сақтамай жұмыс істеген 75​ кафе, мейрамхана сынды қоғамдық тамақтану орындары анықталған. Оның ішінде 67-сі Атырау қаласында, ал 5 дерек Жылыой ауданында тіркелген. Сондай-ақ, 102 азық-түлік дүкені бекітілген уақыттан тыс жұмыс істеген.

Еске сала кетелік, бұған дейін карантин талаптарын сақтамаған 324 атыраулыққа айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT