USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырау облысында 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

2020 жылғы 13 мамыр 18:56
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 7 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 63 жоба аясында 7 113 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 250 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Индустрия министрі: Өңдеу өнеркәсібінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылады Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы кеңес өткізді.

«Жұмыс орындарының кемінде 50 пайызы жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы жұмыссыздарға ұсынылуы тиіс. Осы мақсатта биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 35 млрд 308 млн қаражат бөлініп отыр», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Аталған бағдарлама аясында тек Атырау қаласының шеңберінде 17 инфрақұрылымдық жоба іске қосылады. Нәтижесінде 2028 жұмыс орны ашылады. Оның ішінде, 1043 орын жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыссыздарға ұсыну көзделіп отыр.

«Бұған дейінгі енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты мердігер мекемелер өз жұмыстарына енді кіріскелі отыр. Көзделген қаражаттың жалпы көлемінің кемінде 90 пайызын отандық өндірушілерден тауар сатып алуға жұмсауды жоспарлап отырмыз», - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидоллаұлы.

Облыс әкімі «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуы тиіс жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыра алмай отырған бірқатар жауапты лауазымдыларды сынға алды. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс көздерін ашып, бөлінген қаражатты мақсатты және уақтылы игеруді тапсырды.

«Басты мақсат – аймақтағы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу. Қосымша жұмыс орындарын ашып, оларды барынша тұрақты жұмыс орындарына айналдыру арқылы әр отбасының табыс көзін қамтамасыз ету», -деді өңір басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT