Атырау облысында 7,6 мың медицина қызметкері вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 7,6 мың медицина қызметкері алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, өткен тәулік – 3 қарашада Covid-19 инфекциясына қарсы қолданылатын вакцинаның І компонентін 406 адам салдырған.

«Атырау облысында тұрғындарға қауіпті вирусқа қарсы вакциналарды егу жалғасып жатыр. Биылғы 1 ақпан мен 3 қараша аралығындағы кезеңде вакциналардың І компонентін атыраулық 241 374 адам ектірді. Оның ішінде 14 мыңнан астам педагог пен 6 мыңнан аса студент бар. Сондай-ақ, вакцина салдырған медицина қызметкерлерінің саны 7 664-ті құрап отыр. Өңірде вакциналардың II компонентін алған адамдардың қатары 217 908-ге жетті» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар