Атырау облысында 7 060 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы 4 айда 7 060 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлім еткендей, мамыр айына дейін 1301 отбасындағы 7 060 адамға 200,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде шешім қабылданған.

​«Оның ішінде 1 071 отбасындағы 6 057 адамға - шартты ақшалай, ал 230 отбасының 1 003 адамына - шартсыз ақшалай көмек тағайындалды. Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 1887 адамды құрайды. Бұлардың 101-і тәуелсіз қызметкерлер, 974-і жүгіну кезінде жұмысы барлар, 260-ы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, ал, 552-і бала күтіміндегі отырғандар» деп хабарлады аталған басқармадан.

​Жұмыссыздар санатындағы 260 адамның 82,3 пайызы жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Атап айтқанда, 21 адам тұрақты, 184-і қоғамдық, 8-і әлеуметтік жұмысқа, біреуі кәсіби қайта даярлауға жіберілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 42 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылатынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар