Атырау облысында 66 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 66 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл туралы кеше, 12 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 9:15-те хабар түскен.

«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан «Сарықасқа» учаскесінен 66 жастағы шопан 27 қаңтарда жоғалып кеткен. Ол Құлсары қаласына қарай жаяу шыққан. Бірақ, содан бері Құлсары қаласына жетпеген, не қыстаққа кері оралмаған. Іздестіру жұмыстары «Үлкен төбе», «Сарықасқа» және «Бекжал» учаскелерінде жүргізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Із-түзсіз жоғалған қарт адамды іздестіруге департаменттің 3 қызметкері мен 1 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері, жергілікті 1 тұрғын қатысты.

Еске сала кетелік, бұдан Атырау облысында жыл басынан бері 5 адам жоғалып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар