Атырау облысында 60 жастағы ер адам жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Құрманғазы ауданында 60 жастағы ер адам жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментін баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 желтоқсанда сағат 15:55-те ер адамның жоғалғаны туралы хабар түскен.

«Шортанбай ауылындағы жұмысынан шыққан 60 жастағы азамат Көптоғай ауылына бармақ болған. Бірақ үйіне жетпей жоғалып кеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жоғалған азаматты іздестіру жұмысына Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудандық полиция бөлімі мен Шортанбай, Көптоғай ауылдық округтерінің қызметкерлері, сондай-ақ, жергілікті тұрғындардан 65 адам жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар