Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәліметіне сүйенсек, облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталық пен Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Оның айтуынша, бұған дейін облыстың медициналық ұйымдары 224 өкпені жасанды желдету, 27 рентген, 10 компьютерлік томография, 977 оттегі генераторымен, сондай-ақ, 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген. Жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңгеден астам үстемеақы төленген еді.