Атырау облысында 6 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік төлем алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырау облысында 6490 отбасы 1 млрд 900 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атаулы әлеуметтік көмек бойынша барлығы 36 863 адам төлем алды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар ғана емес, табысы күнкөріс деңгейінен ең төмен, сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар да бар», - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Айта кетейік, 27 ақпанда «Nur Otan» партиясының съезінде Елбасы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырған болатын.




Соңғы жаңалықтар