Атырау облысында 6 262 адам Рfizer вакцинасын салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 262 адам Рfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, былтырғы 1 ақпанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдыру басталды.

«Сол кезден бері вакциналардың I компонентін 266 963 адам ектірді. Вакциналардың II компонентін алған атыраулықтардың саны 250 770 адамға жетіп отыр. Ал, 20 қарашада бері Pfizer екпесін салдыру жалғасып жатыр. Бұл вакцинаны алатын 12 мен 18 жас аралығындағы балалар саны 63 138 адамды құрайды. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Бүгінге дейін аталған вакцинаны 6 262 адамға салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығында 3 376 жасөспірім, бала емізіп отырған 2 597 ана мен 289 жүкті әйел бар», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 23 қарашада басталған ревакциналаудан өтетіндер тізіміне 97 493 атыраулық енгізілген. Ревакциналауды бірінші кезекте дәрігерлер мен полицейлер, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, студенттер мен созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер алады. Осындай 8 санаттағы 32 326 адам ревакциналаудан өткен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Рfizer вакцинасын салдырғандар саны 6 мыңнан асқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар