Атырау облысында 5774 адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 5 774 адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, былтырғы 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін ектіргендердің саны 265 948 адамға жеткен.

«Осы кезге дейін COVID-19 инфекциясына қарсы вакциналардың II компонентін 248 884 адам салдырып отыр. Өңірде Pfizer екпесін 5 774 адам салдырды. Оның ішінде 12-18 жас аралығындағы 3 038 жасөспірім, бала емізіп отырған 2 464 ана мен 272 жүкті әйел бар», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Былтырғы 23 қарашада басталған ревакциналаудан өтетін адамдар қатарында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдары мен арнайы мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, созылмалы сырқаты бар пациенттер бар.

Осы санаттағылардан 28 361 адам қайта вакциналаудан өткен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Pfizer вакцинасын 5 516 адам салдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар