Атырау облысында 500-ге жуық мұғалім жетіспейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының орыстілді мектептерінде 472 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы әкімдікте өткен мәжілісте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осы мәселе бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Облыстың бірқатар оқу орындарын араладық. Биыл 174 жас маман келеді деп жоспарланып отыр»,- деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жансұлу Төремұратова.null

Өңір әкімі Нұрлан Ноғаев маман тапшылығы жағдайында Қазақстанның өзге облыстарынан тәжірибелі педагогтарды шақырту керектігін айтты.null

«Қажетті мамандарды өңірімізге шақырыңыздар. Біз оларға барлық жағдайды жасап, үймен қамтамасыз етуге дайынбыз. Бұл мектеп директорларына да қатысты. Конкурс жариялап, тәжірибелі маман қойыңдар. Ешкім сіздерге кедергі келтіріп, қарсы тұра алмайды»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, маман іздеу жұмысын білім басқармасы ғана емес, барлық деңгейдегі әкімдер де жүзеге асыруы тиіс. Осындай жағдайда ғана мәселе өз шешімін табады. Ол сондай-ақ оқу орындарындағы жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды тапсырып, оқу процесіне кедергі жасамау керектігін айтты.

Жиында жазғы демалыс тақырыбы да қозғалды, Нұрлан Ноғаев оқу лагерлерін балаларға табиғи қолайлы жағдай жасалған жерлерде өткізуді жүктеді.

Соңғы жаңалықтар