Атырау облысында 5 спорт нысаны пайдалануға берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биыл 5 спорт нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимовтың мәлім етуінше, қазір қолданыста 1 107 спорттық нысан бар. Биыл мұның қатарына 5 спорт нысаны қосылып отыр.

«Қазіргі жағдайға байланысты көптеген спорттық шаралар кейінге шегерілді. Соған қарамастан, біздің спортшыларымыз салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Олар Төтенше жағдай кезінде «Үйде бол» челленджін қолдап, өз үйінде жасаған жаттығу жұмыстарымен бөлісуді қолға алды. Жаттықтырушылар спортшылардың үй жағдайында жаттығуына арнайы бағдарлама жасап, жаңа онлайн режимде жұмыс жасауда. Одан бөлек, 50-ден астам спортшы тікелей эфирге шығып, онлайн сабақтар жүргізді», - дейді Ринат Ибрагимов.

Оның айтуынша, биыл Қызылқоға ауданы мен Атырау қаласында футбол алаңы пайдалануға берілген. Сондай-ақ, облыс орталығындағы Нұрсая ықшамауданында жеке иеліктегі «Тоныкөк» көпбейінді спорт кешені ашылған. Өңірде спорттық-материалдық базаның нығаюы дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізіп отыр. Мәселен, дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты түрде шұғылданатын атыраулықтардың саны 509-ға артып, биылғы бірінші жарты жылдықта 216 мың адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар