Атырау облысында 5 ауданға жаңа жедел жәрдем көліктері берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының бес ауданындағы медицина мекемелеріне «УАЗ» маркалы 12 жедел жәрдем көлігі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, бұдан бұрын облыстық жедел жәрдем станциясы 22 көлікпен толықты.

«Жақында Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет ауданына жылжымалы диагностикалық медициналық зертхана кешені берілді. Қазір аудандардағы диагностикалық медициналық кешенде дәрігерлер күніне 150 адамды қабылдап, 60-тан астам ауруға диагноз қоя алады. Облыстық обаға қарсы күрес станциясы жылжымалы ПТР-зертханамен қамтылды. «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның демеушілігімен 12 «УАЗ» маркалы жедел жәрдем көлігін алынды», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

«Каспий құбыр консорциумы» АҚ бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдиннің айтуынша, жыл сайын әлеуметтік әріптестік аясындағы жобаларға 3 млн доллар бөлінеді.

«Әлеуметтік бағдарламаның шеңберінде балабақша, мектеп, ауруханалар, демалыс орындары, спорт алаңдары салынып жатыр. Жыл аяғына дейін медицина мекемелеріне Компьютерлік томографтарды алып беруді жоспарлап отырмыз», - деді Қайыргелді Қабылдин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының бес ауданына жылжымалы зертханалар берілгенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар