Атырау облысында 5,6 шақырым айналма жол құрылысы аяқталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 5,6 шақырым айналма жол құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының инженері Қуанышбек Шортабаевтың айтуынша, Мақат ауданындағы Доссор кентінің тұсында 5,6 шақырым айналма жол салынған.

«Бұрын Ақтөбеден келе жатқан көлік Атырауға бару үшін Доссор кенті арқылы өтетін еді. Әсіресе, жүк көліктері кент арқылы өтіп, жол қозғалысына қиындық тудыратын еді. Сол себептен, былтыр айналма 5,6 шақырымдық айналма жолдың құрылысы басталды. Республикалық маңызы бар жолға «ҚазАвтожол» АҚ тапсырыс берді. Жол құрылысын «АнтИнШаат МаденСанайиАШ» мердігер мекемесі жүргізді. Филиал зертханасына құрылыс материалдарынан сынама және керн кескіндері алынды. Енді жақын күндері айналма жолға жарық шамдары, жол белгілері орнатылады. Бұл айналма жол пайдалануға берілген кезде Ақтөбеден шыққан жеңіл және жүк көліктері Доссор кентіне кірмей, Атырауға баратын жолға тіке шығуына мүмкіндік бар», - дейді Қуанышбек Шортабаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан Ресейге шығатын жолды жөндеу қалай жүріп жатқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар