Атырау облысында 48 жастағы ер адам суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданында 48 жастағы ер адам суға батып кетті. Бұл - соңғы 10 күндегі үшінші оқиға, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кеше, 11 маусымда кешкі сағат 18:07-де Миялы ауылынан 25 шақырым жердегі Ойыл өзенінде 1972 жылы туған ер адамды іздеу жұмысы басталған.

Соңғы мәлімет бойынша, ол арнайы жабдықталмаған жерде шомылып, суға батып кеткен.

Іздестіруге төтенше жағдай қызметінің 5 қызметкері, 1 техника мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

«Кеше кешкі сағат 19.30-да суға батып кеткен адамның денесі табылып, жағаға шығарылды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Атырауда жоғалып кеткен баланың денесі Жайықтан табылғанын хабарлап едік.



Соңғы жаңалықтар