Атырау облысында 467 млн теңге жымқырған мекеме басшыларының ісі сотқа жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген 467 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мекеме басшыларының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері әлеуметтік нысандардың, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқыру дерегімен «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтап, іс сотқа жолданды», делінген хабарламада.

Жымқырылған қаржы көлемі 467 млн теңге.

ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.

Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар