Атырау облысында 459 шетелдікті жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында шетелдік 459 маманды жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 90 503 қазақстандық маман жұмыс істейді.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның шешімімен квотаға сәйкес, жұмыс берушілер шетелдік мамандарды бірнеше санат бойынша жұмысқа тарта алады. Мәселен, биылғы 1 тамызға дейін жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін 4 727 рұқсат берілді. Оның ішінде 1-ші санатқа – 26, 2-ші санатқа – 711, 3-ші санатқа берілген 3 369 рұқсат бар. Сондай-ақ, шетелдік маусымдық жұмыс үшін 611, корпоративтік ауыстыру бойынша 10 рұқсат алды. Арнайы комиссияның шешімімен 459 шетелдік маманды жұмысқа тартуға рұқсат беруден бас тартылды» -деп хабарлады басқарма мамандары.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда шетелдік жұмысшыларға берілген рұқсат кері қайтарылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар