USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

2021 жылғы 30 қараша 23:35
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында Pfizer вакцинасын 3 626 адам салдырды Коронавирус: ШҚО-да мобильді бригадалар саны артты Алматыда коронавирус жұқтырған 61 адам жансақтау бөлімінде жатыр

«Атырау облысының дәрігерлері тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жандандырды. Бұл тұрғындардың вакцинаға байланысты көзқарасын күрт өзгертті. Биылғы 1 ақпаннан бері атыраулық 249 816 адам Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін салдырды. Вакциналардың ІІ компонентін ектірген адамдардың саны 229 479 адамды құрап отыр», -деп мәлім етті о блыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ, өңірде Рfizer вакцинасын салдыру да жалғасып жатыр.

«Қазір өңірде Рfizer вакцинасын ектірген адамдар саны 396-ға жетті. Оның ішінде бала емізетін 209 ана мен 13 жүкті әйел бар. Бұл екпені ата-аналарының келісімімен 12-18 жас аралығындағы 174 жасөспірім ектірді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT