Атырау облысында 40 мыңға жуық адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 40 мыңға жуық адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 3 күнде – 8, 9, 10 мамырда 1 690 адам коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» және «Qazvac» вакциналарының І компонентін салдырған.

Атырау облысында 1 ақпан мен 10 мамыр аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін салдырғандардың саны 39 878 адамға жетті.

«Ал, ІІ компонентті 14 116 адам алды» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір өңірде вакцина салдыру үшін 36 стационарлық, 10 жылжымалы бекет ашылған.


Соңғы жаңалықтар