Атырау облысында 37 градусқа дейін ыстық болады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер 2018 жылдың 22-24 мамырына ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ауа райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді, осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз болады. Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жаууы мүмкін», - делінген синоптиктердің болжамында.

Қазақстанның шығыс жартысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батысында - 4-6 градус жылы болады. 

Атырау облысында 21-22 мамыр аралығында күннің 37 градусқа дейін ыстық болуына байланысты ескерту жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар