Атырау облысында 369 науқас коронавирустен емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 369 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 190 адам үй жағдайында, ал, инфекциялық стационарларда 179 пациент оқшауланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өткен тәулікте қауіпті вирусты 22 адам жұқтырған. Бұл тәулікте Атырау қаласында 18 науқас тіркелген. Ал, Теңіз кенішінде 2 жұмысшы, Жылыой ауданында 2 адам коронавирус инфекциясына шалдыққан.

«Қазір үй жағдайында 190 адам ем-дом қабылдауда. Өңірдегі 730 орындық инфекциялық стационарларда 179 науқас емделіп жатыр. Мұндағы жүктеме – 24,5 пайыз. Модульдік ауруханада – 104, Теңіз кенішіндегі стационарда – 47, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 23, ал, №2 облыстық ауруханада 5 пациент оқшауланған» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 75 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 14 науқас жатыр. Жағдайы өте ауыр 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме 18,7%-ды құрап отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған 13 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар