+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырау облысында 362 борышкер алиментін төлемей жүр

2021 жылғы 13 қыркүйек 14:55
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 362 борышкер алиментін төлемей жүр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 362 борышкер алиментін төлемей жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлағандар ұсталды Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап, 300-ге жуық кеңес берді Атырауда Наурыз мерекесіне бөлінген 116 млн теңгеге қатысты жағдай түсіндірілді

Атырауда полицейлер мен жеке сот орындаушылары бірлескен рейд өткізіп, борышын төлемей жүргендерді анықтады. Мұндай бірлескен рейд 1 қазанға дейін жалғасады.

«Бізге өңір соттарынан айыппұл өндіру туралы 24 мыңнан астам қаулы түсті. Қазірге дейін 12 мың 600 қаулының талабы орындалды. Қалған 11 мың 700 қаулыны орындау үшін тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Ал, алимент өндіруге қатысты соттың 7 635 қаулысы шыққан. Оның ішінде 362 қаулыға байланысты борышкерлерді іздеу, олардың иелігіндегі мүліктері анықтау қолға алынды», - дейді жеке сот орындаушысы Мейрам Көкатов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT